Домой Семья Ажырасу абырой емес!

Ажырасу абырой емес!

4
0
ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ажырасу мәселесі бойынша, әлемдегі алғашқы ондыққа кірді. Қазіргі күні Қазақстандағы түйткілді мәселелердің бірі ажырасу болып отыр. Қайда барсақ та, кімді көрсек те «Кеше үйленіп еді ғой, бір жылға жетпей ажырасып кетіпті», «пәленшенің қызы ажырасып, үйіне баласымен қайтып келіп отыр» немесе «Түгеншенің келіні кетіп қалыпты» деген сөздерді жиі естиміз. Рас, ажырасу біздің елдің ғана емес, өзге де көптеген мемлекеттердің шешімі табылмай келе жатқан үлкен мәселелерінің бірі.

Ұлыбританиялық The Economist журналының дәстүрлі “Әлем статистикасы – 2016″ жинағында Қырғызстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлем елдері арасында 48-орында тұр. Ал Қазақстан болса, алғашқы ондыққа кірген.Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2016 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40 982-сі ажырасқан. Аталмыш мәлімет бойынша Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады екен.

Психолог мамандар ажырасуға көбіне әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуін алға тартады. Жастарымыз материалдық жағдайды бірінші орынға қойып жатады. Әрине, адамның жақсы өмір сүремін деген ниетіне ешкім қарсы болмас, бірақ үйлене салып, үлде мен бүлдеге оранып отыру уақытпен келетін жайт екенін ұмытпаған жөн, дейді мамандар. “Отбасылардың ажырасуы тараптардың тәрбиесіне байланысты. Кез келген мәселені жете түсіну қажет, шешім іздеу керек. Сондай-ақ, сыйластықтың орны зор. Бұл көп ұрыс-керістің алдын алады”, – дейді психолог мамандар.