Домой Общество СУИЦИД

СУИЦИД

8
0
ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде 10-орында тұр. Әсіресе қыршыннан қиылатын жастардың қатары артқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сай, 10-14 жас аралығындағы жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсауы бойынша еліміз бірінші орынға жайғасқан. Елімізде жыл басынан бері 1500-ге жуық адам өзін өлімге қиған. Оның 456-сы қалалық тұрғындар болса, 992-сі ауыл халқы екен. Мамандар суицидтің өршуіне отбасындағы дау-дамай мен күйзелістің көбеюі себеп болатындығын айтуда. Оның үстіне жастармен жұмыс істейтін білікті психолог мамандар да тапшы екен. Жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 15-29 жас аралығындағы өлім жітімнің көп бөлігі осы суицидтің салдарынан орын алады екен. Дегенмен, өзіне қол салатын адамдардың басым көпшілігі жасы 70-тен асқан қариялар болып отыр. Ер азаматтардың суицид жасауы әйелдерге қарағанда үш есеге көп. Сондай-ақ, барлық суицид оқиғаларының төрттен үш бөлігі экономикалық даму деңгейі төмен елдерде орын алады екен. ЮНИСЕФ суицидті болдырмау бойынша халықаралық жоба әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында Қазақстандағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Предыдущая статьяАжырасу абырой емес!
Следующая статьяФОБИЯ