Домой Общество Ғаламтор және кітап – ғұмыр

Ғаламтор және кітап – ғұмыр

12
0
ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінгі нарық билеген заманда дүйім жұрт рухани қажеттіліктен гөрі, тән қажеттілігін өтеу үшін материалдық дүниеге көбірек көңіл бөліп жүр. Осы тұста адамдар бұрынғыдай кітап оқу дағдысынан айырылып бара жатқанын байқаймыз. Соның салдарынан жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Иә, жаңалықты, бүкіл әдебиеттегі болып жатқан өзгерістерді іздеп жүріп оқитын кешегі жас буын, бүгінгі жастардың ата-анасы – үлкендердің де кітап оқудан алыс­тап кеткені ешқандай көлеңкелейтін мәселе емес, ол басы ашық жайт. Шынында да кітап оқудан қалды. Өйткені, техникалық прогресс күшейіп кетті. Ақпарат көп, жан-жағымыздың бәрі экран, керек ақпаратты саусақпен түртіп алып отырмыз деген бір ақталу сөз, сылтау аргументтермен түсіндіріледі. Бұл – адам қорқатындай жағдай. Шынын айту керек, кеше біздер үлкен бір өтпелі кезеңді артқа тастадық. Жас бүлдіршіндердің санасын батыс өнімдері жаулауда. «Өрмекші адам», «Бэтмен», «Тор», «Гарри Поттер» және т.б. кейіпкерлерге балалар еліктейді. Еліміздің ғұлама тұлғаларын, батырларын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тарихын мүмкіндігінше молынан насихаттау қажеттілігі артуда. Еуропаның дамы­ған елдерінде, оның ішінде Ресей, Латвия, Бельгияда кітаптарға салынатын қосымша құн салығы 5 пайыздан аспайды. Ал Ұлы­британия, Ирландия, Норвегия, Польша, Украина елдерінде кітапқа салық мүлдем салынбайды. Балаларға арналған кітап­тар­дың мазмұнына, көркемделуіне ерекше көңіл аудару қажет. Кішкентай баланың зейіні әлі ырықсыз, толық қалыптаспаған­дық­тан кітаптағы суреттер әсем, нақты тар­тымды, түсінікті, айғаққа сай болуы керек. Егер балаларға арналған кітап жас ерекше­ліктеріне, психологиясына сай құрасты­рылса, олардың сол кітапты оқуға құмар­тары сөзсіз.