Домой Общество Жұмыссыздық

Жұмыссыздық

4
0
ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында биылғы Қазақстанда 2016 жылы 4 –ші бағыт бойынша қосымша сұралған қаражатты қоса есептегенде барлық сома 2 млрд. 819 млн. 264 мың теңгені құрады. Қамтылатын қатысушылар саны – 4632 адам. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының «Ауылдық елді мекендерді дамыту» атты жаңа төртінші бағыты бойынша 2016 жылы ауылдық елді мекендердің инженерлік-коммуникациялық, әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және оларды көріктендіруге облыстағы экономикалық белсенді халық санына сәйкес 759,3 млн.теңге бөлініп, 68 нысан тізімі белгіленіп, осы саладағы жұмыстарды атқаруға 600-ден аса адамды жұмысқа тарту көзделіп отыр. Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі жалпы жұмыссыздық көрсеткішінің 5,2% жағдайында 5,9% құрайды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының жүзеге асуына 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген»