Домой Общество Қалың қалай қазақ медицинасы?

Қалың қалай қазақ медицинасы?

17
0
ПОДЕЛИТЬСЯ

    Халқымыз байырғы заманнан жан мен тәннің саулығын айырықша орынға қойып, назарға алған. Сол себепті «бірінші байлық – денсаулық» деп нақылдауы тектен-тек емес. Халықтың денсаулығы – еліміздің белсенді дамуына, экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз. Саулығымызды сақтауға септігін тигізетін, бұқара халыққа қамқор болатын саланың бірі – медицина. Қазіргі таңда, шенеуніктердің «медицина саласы қарқынды дамып, ауруханалар саны артып келеді» деген сөздерін құлақ құрышымыз қанғанша естіп жүрміз. Ал, бұл рас па? Қазақ медицинасы қандай деңгейде? Ақ желеңділер жазатайым жағдайда жәрдем көрсетуге қаншалықты дайын екен? Жалпы, медицина – өте күрделі, әрі жауапкершілігі мол сала екені барлығымызға аян. Тіпті, осы жолда еңбек ету үшін жеті жылдық оқу аздық етеді. Аталған ғылымның өзін  толыққанды игеру үшін үздіксіз тәжірибе жинап, мамандық бойынша білім толықтырып отырудың қажет екені бесенеден белгілі. Кез келген дамыған мемлекетті мысалға келтірсек, алдымен денсаулық сақтау саласына көбірек көңіл бөліп, оны күннен күнге жетілдіруге тырысады. Ал, дамыған елу мемлекеттің қатарына қосыламыз деген Қазақстанның кенжелеп тұрған саласының бірі, дәл осы – медицина екені жасырын емес. Елімізде денсаулық сақтау саласының жағдайы тіпті көңіл көншітпейді. Оған қоса, ақ халатты абзал жандарымызға деген сенім де жоғалудың аз-ақ алдында тұр десек артық айтқандық болмас, себебі, бүгінгі таңда дәрігерлердің біліктілігіне күмән келтіретін қайғылы жағдайлар көбейіп кетті. Сонымен қатар, соңғы кездері нәресте және ана өлім-жітімі де көбейіп кеткенін айта кету керек. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек аналар өлім-жітімі жылына 6% артып барады. Мұндай көрсеткіштің себептерін мамандардың біліктілігінің төмен деңгейі мен қаржының мардымсыздығанан көріп отырған адамдар саны өте көп. Қанша дегенмен де қазақ медицинасының бүгінгі жағдайы мүшкіл екеніне көз жеткізу қиын емес және даму жолында көптеген мәселелерге тіреледі.

      Біріншіден, ең басты проблемалардың бірі – медицина саласына бiлiктi кадрлар жетіспейді. Бүгiнгi таңда салада шамамен 59 мыңнан астам дәрiгер еңбек етедi. Жыл сайын медициналық жоғарғы оқу орындарын бітіріп жатқан түлектер санының артуына қарамастан дәрігерлер, әсiресе, ауылдық жерлерде мамандар тапшы. Статистикаға сүйенсек Республикамызда жалпы 5000 дәрігер мен 2000-нан  астам орта медициналық жұмысшылар жетіспейді екен.