Домой Благотворительность Кең болсаң, кем болмайсың

Кең болсаң, кем болмайсың

13
0
ПОДЕЛИТЬСЯ

<p style=”text-align: justify;”>Көбіміз күйбең тірлікпен жүріп, бұл дүниеде һәм ақыретте пайда беретін қайырымдылықты жиі ұмытып кетіп жатамыз. Қоғамда көптеген жандар тек қаржылай көмекке ғана емес, бәлкім мейірімді алақанға, жылы сөзге мұқтаж. Дін Ислам қоғамдағы осындай кемшіліктің орнын толтыру үшін бізді қайырымдылыққа, жылы сөз бен мейірімділікке шақырады. Біздер бұл нәрселерді ақылмен ұғынып, сөзбен құптағанымызбен іс жүзінде орындап жатқанымыз шамалы. Мұның себептері жетерлік. Солардың бірі – адамның бойындағы иманның әлсіздігі. Иманы күшті адам – тақуалыққа жақын, игі амалдар жасауға ынталы болып келеді. Оның жасаған жақсылығын басқалардың көруі шарт емес, өйткені, ол қайырымдылықты Алланың разылығы үшін жасады. Алла тағала оның жақсылығын еселеп қайтарады. Оның бұған сенімі кәміл. Бүгінде біздің пейіліміздің тар болуының екінші себебі – отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігі болса керек. Балақай жастайынан ананың жылы алақанын, әкенің еркелеткен махаббатын тиісінше көріп, отбасылық мейірім бұлағынан сусындамаса, онда оның жүрегі қатайып кетеді. Жүрегі тасқа айналған адамнан қайыр күтпе – деген атам қазақ. Бұған қоса, адамның табиғаты көзбен көріп, қолмен ұстағанға жақын тұрады. Қиялға шомылып, көптеген істерді алдын-ала жоспарлап, болжамдағанды жақсы көреміз. Егер ол жоспарымыз іске аспаса, онда қасымыздағыларға өкпелеп, өмірді қаралаймыз. «Мұны Алла қаламаған шығар», «Бәлкім бұл іс мен үшін қайырлы емес шығар», – деп ойлайтын азаматтарымыз кемде кем. Жолым жеңіл, тілегім қабыл болсын деп ықыласпен жасалатын шын жақсылықты біріміз білсек, біріміз еске де алмаймыз. Қайырымды болсаң Алла тағаланың алдындағы мәртебең де артары сөзсіз. Олай болса құрметті достар Алла тағала біздерге жақсылық істердің есіктерін жиі ашуға мүмкіндік беріп отыр десек қателеспейміз. Бірақ, адамға өмір философиясын үйрететін бұл оқиғадан біздің алатын сабағымыз: «Кең болсаң – кем болмайсың». Осындай құндылықты басшылыққа алған дана қазақ: «Өле жегенше, бөле же», – деген қағидатпен өмір кешті. Өкінішке орай әлеуметтік жағдайы төмен, тастанды балалар, асыраушысы жоқ көпбалалы отбасылар сол сияқты т.б. қоғамдағы әлсіз топтар біздің елімізде көптеп кездеседі. Егер біздің әрбіріміз, менің мұсылмандық борышым – жақынға көмек көрсету, әлсізге қол ұшын беру, мұқтаждың қажетін өтеу сияқты ұстанымымен өмір сүрсе, онда елдегі береке-бірлікке, тату өмірге өзіндік үлес қосқан болар едік.</p>