Домой МИР Діни экстримизмге қарсы

Діни экстримизмге қарсы

8
0
ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан басшылығының басты мақтанышы ұлтаралық, дінаралық келісім болып саналады. Оған дәлел сансыз ұлттар мекендеген елімізде осы жиырма үш жыл аралығында ешбір көтерілістер, ұлтаралық жанжалдар тіркелмеді. Алайда, қазіргі уақыттағы еліміздегі дінде өзекті мәселе болып отырған негізгі мүшкіл жағдай — халық арасында тарап жатқан кейбір теріс ағымындағы діндердің қоғамда орын алуы. Осындай мәселелердің орын алмауы мақсатында әр облыста, ауданда қоғамдық ұйымдар, қорлар жұмыс істеп жатыр. «Қуанарлық жағдай, ол – діннің қайта оралуы. Өкінішке орай, дін ағымдарының теріс жақтары туындауда. Жастар тәрбиесі қай заманда да қоғамның өзекті тақырыбына айналған. Халық даналығының: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», -деген нақылы осыдан қалса керек. Ал, бүгінгі өскелең ұрпақты ата-салты мен дәстүрінен алшақтататын адастырушы ағымдардың айы оңынан туып тұр. Мұның салдарынан бұрын баласы дінге берілсе қуанатын ата-ана қазір қорқатын дәрежеге жетті. Тек жат пиғылды ағымдардың жетегінде кетпей ақ пен қараны ажырата алған жөн. Экстремизмнің пайда болуына сараптама жасай келе бұл құбылыстың негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық, әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатқанын көруге болады. Бұндай мүдделердің, қарама-қайшылықтардың масштабы әр түрлі болуы мүмкін: жеке индивидтің жеке «Мендік» мүддесінің бүкіл қоғамға қарсы тұруынан бастап, бүкіл мемлекеттік жүйелердің қатал тайталасымен аяқталады. Қанда да бір себептермен мүдделері сақталмай қалған жағдай да тайталас екі жақтың бірі өздерінің саяси, діни, этникалық, тағы басқа мәселелерінің шешімін табу үшін шектен шыққан методтарға көшуі әбден мүмкін. Қазақстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты, ресми идеология дінге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірлі өзгешелікке ие. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін мейлінше күрделі мәселе. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.