25
Авг

Әлихан Бөкейхановтың ұлағатты сөздері

Әлихан Бөкейхановтың ұлағатты сөздері

  1. Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады.

  2. Адам қызметіне кіріспей қазына тумайды

  3. Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.

  4. Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.

  5. Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

  6. Қазақ сайлауы — жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады.

  7. Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.

  8. Байлық басы көпке байлаулы емес — базарда ақша болатынға байлаулы.

  9. Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.

  10. Талас-тартыс жоқ болса — өмір абақтыға айналар еді.