Домой Общество ГЕНДЕР ТЕҢЕСТІРЕ МЕ, ӘЛДЕ ЕГЕСТІРЕ МЕ?

ГЕНДЕР ТЕҢЕСТІРЕ МЕ, ӘЛДЕ ЕГЕСТІРЕ МЕ?

36
0
ПОДЕЛИТЬСЯ
ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

ГЕНДЕР ТЕҢЕСТІРЕ МЕ, ӘЛДЕ ЕГЕСТІРЕ МЕ?

гендер

Адамзат эволюциясын тым және арғы түп тарих бойынша  ретроспективтік тұрғыдан қайта таразыласақ,  оның ішінде, әйел мен ердің теңдігі туралы ахуалдарды сараласақ, түптеп келгенде, бір ақиқатқа сеніміміз хақ: бір кездерде, бір уақыттарда әйел билігі немесе соған сәйкес ер билігі әйгіленгендігі. Бірақ, осы екі биліктің белгілі бір циклды қайталанатын заңдылығы болмаған шығар, алайда, шартты уақытта кезектесіп келетін сыңайлы.  Бұл әрбір аймақта, әрбір халықта әр түрлі өлшемдер мен шарттар бойынша құрылады. Дегенмен, адамзат тарихын аталған мәселе бойынша жалпылама түрде сараласақ, 18 ғасырға дейін патриархаттық қоғам басым болып келгендігі шындық, кейде, тіпті, орта ғасырлардағы батыс елдерінде, шындығында, әйел мәртебесі тым төмендетіліп, оларға деген кемсітушіліктер орын алған болатын. Осындай мыңдаған жылдық табу қысымшылығы З.Фрейдтің көзқарасы бойынша бір кездерде дүмпу туғызып, қатаң белгіленген шекараларды бұзуға ұмтылады.

Феминизм, өзінің даму эволюцисында гендерлік саясатты туғызды немесе керісінше гендердің пайда болуына феминизм алғышарт болды[2,44-57бб.]. Гендерлік саясат, түптеп келгенде, арнайы ғылыми әлеуметтанулық ілім гендерологияны туғызды. Сонымен қатар, феминизм уақыт өте келе феминология деген ілімді туғызуына аналогиялық түрде гендерлік саясаттан гендерология ілімі туындап шықты. Қойылып отырған мәселемізді толығырақ ашып алу үшін, біз феминизм мен гендерологияның ара­қаты­насындағы түйткілді мәселелерді саралап алуымыз қажет  «Гендерік саясат – демографиялық өсуді тежеудің кілті»; «Жауларымыз қыз-келіншектерді өтірік мақтап, өз ұлтына қарсы пайдалануда»; «Гендер теңестіре ме, әлде егестіре ме» деген сияқты мақалалардың сарыны гендерлік саясатқа деген қарсылықтан туған немесе оның сыңаржақтылыққа ұмтылған тұстарына деген сыни көзқарас сарыны бойынша қалып­тасқан. Гендерологияның түп­мақсаты, негізінен, патриархатты матриархатпен ауыстыру, екі жыныстың арасын ушықтыру, әлеуметтік-психо­логиялықтан басқа биологиялық ерек­шеліктерді де жою емес, керісінше, олардың арасындағы «антагонизмді» жойып, олардың үйлесімділігі – әлеуметтік дамудың шынайы келбеті екендігін паш ету.Біздің пайымдауымызша, бұндай антигендерологтар легінің көбейе түсуі, түптеп келгенде, гендерологиялық мәселелерді басқаша тұрғыдан саралауды қажет етеді. Бұл – таза тәжірибелік ғылым және саясат болғандықтан, оны әрбір ұлт өз болмысына сәйкес қолдануға ұмтылатын сыңайлы. Батыстан та­ңылған шаблондарды бүкіл әлем қабылдамасы хақ. Оның бастапқы бағыттары, біздің елде, Қазақстанда пайда болды да, ҚазМемҚызПу жанындағы әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтының ғылыми қызметкерлері бірлесе отырып, «этногендерология» ілімін туғызып, оның тұжырымдамасын барша қауымға ұсынып отыр. Мысалы, педагогиканың – этнопедагогика, психологияның – этнопсихология т.б. салалары бар, олай болса, гендерологияның да ұлттық діліміз  бен болмысымызға, таным-түсінігімізге сай келетін өзіндік бір арнасы болуы қажет деп санаймыз және бұл тұжырымдама біздің ділімізге сай келмейтін жат құндылықтармен күресуді қолға алатын болады және өзіндік  әдіснамалары арқылы ғылымиланған жоба болып құрылады. Мысалы, тарихилық қағидасын негізге алсақ, әйелге деген құрметтеушіліктің өзіндік бар арнасы түркі халықтарында  бұрыннан-ақ түзілген болатын. Қорқыт ата кітабындағы жыр мазмұндарында, ол туралы аңыздардың біріндегі «Башпай» күйінің шығу тарихында әйел затын бағалаудың тамаша үлгісі берілген: қарындасына аңдаусызда башпайы тиіп кеткен Қорқыт өзі өлгеннен соң, сол башпайын көмбей жоғары шығарып қоюды кейінгілерге наз еткен екен. Себебі, ол қарындасыма тиіп кеткендіктен «арам башпай» деп шешім қабылдаған екен-мыс.  Этногендерологияны тек Қазақстан ғана емес, өзге де шығыстық елдердің қол­дайтындығы және ресми емес болса да, олар өздерінің болмысына сай бұл ілімді ыңғайластыруға ұмтылып отырғандығы түсінікті жайт. Енді, болашақта, біздің пайымдауымызша, гендерология әрі қарай дами келе, неогендерология іліміне қарай ауысуы ықтимал. Бұлай аталмаса да, жақын болашақта гендерология ілімі өзінің бастапқы обьектісі мен бағдарларын жаңартып келе жатыр.

Олай болса, қорыта келе, біз осы ілімдерге байланысты мынадай эволюциялық тізбек құрастыра аламыз: «феминистік қозғалыс – феминология – радикалды феминизм – гендерлік саясат – гендерология – этногендерология – неогендерология – постгендерология».


ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Отправить ответ

Оставьте первый комментарий!

Notify of
avatar
wpDiscuz