19
Окт

Ұялы телефон мен планшеттің зияны

Ұялы телефон мен планшеттің зияны

сотки

Жыл сайын ұялы телефон, смартфон, планшеттердің  су жаңа түрлері нарыққа шығып жатыр. Жаңаларының функциялары да, сипаттары да сан алуан. Қазақстандық отбасылар балаларына планшет сатып алып беруге құмар. Ал балаларға түрлі-түсті мультипликацияларға толы ойындар, олардан шығатын дыбыс тек қызығушылығын молайта түседі.  Ал одан келетін салдарды түсіне бермейді.  Зияны туралы айтқанымен, байыбына барып, түсінбейді. Бала болған соң, қай ана баласының қалауынан бас тартсын?  Ең сорақысы, жас аналарымыз,  кейде баласын емізіп отырып, смартфонын ақтарып әлеуметтік желіге, уатсапқа кіріп отырады. Ал буыны қатпаған балаға оның қауіпі өте жоғары.  Балаңыздың денсаулығы маңызды болса, ұялы телефонды мүлде балаға жақындатпауға тырысыңыз. Қалталы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындарды көп жылдан бері зерттеп келе жатқан ғалымдар одан бөлінетін электромагниттік толқынның теледидардың, радиотелефон мен компьютердің толқындарынан он есе күшті екенін анықтаған. Телефонмен сөйлескен кезде одан бөлінетін электромагниттік толқындар бас пен жүйке ұлпасына тікелей әсер етеді деп отыр.  Салдарынан ми қызып, жүйке жүйесі әлсіреп, адам ағзасындағы жүрек қан тамырларының айналымы нашарлайды. Телефонның магниттік толқындары мен сәулесінен бөлек, денсаулыққа зиян келтіретін басқа да тұстары бар екен. Мамандардың сөзіне сүйенсек, гаджеттерді күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде алып жүру өте қауіпті. Өйткені, олар электр тоғын өткізгіш қасиетке ие болғандықтан найзағай ұру қауіпін тудыруы әбден мүмкін. Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екенін белгілі болса, бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сәйкесінше, ақпараттық технология қарыштап дамыған сайын, аталмыш бұйымдардың қауіптілігі де жоғарылай түседі. Осы ретте мамандар қарапайым қағидаларды ұстана отырып, ұялы телефоннан келетін қауіптен сақтануға болатынын айтады.