Домой Без рубрики Отбасылық даулардың бала тәрбиесіне әсері

Отбасылық даулардың бала тәрбиесіне әсері

54
0
ПОДЕЛИТЬСЯ
ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Отбасылық даулардың бала тәрбиесіне әсері

Бала өсе келе әр нәрсені көргісі, білгісі келеді. Қазақтың тәрбиесінде «жоқ, болмайды» деген сөздер жиі қолданылады, ол дұрыс емес. Мүмкіндік болса балаға жағдай жасау керек, былайша айтқанда, бала қалауынша өмір сүруі қажет. Әке-шеше бала­ларға зорлап өз дегендерін істеткісі келеді, мұғалімдері зорлап оқытқысы келеді. Оның өз еркі бар емес пе?Баланың бабын тапсаңыз, жылы сөзді аямасаңыз, онда бекерден-бекер ашуланбайды. Көп отбасында ата-аналар ертеден қара кешке дейін жұмыста, сондықтан баланы не балабақ­ша, не үйде күту­ші тәрбиелейді. Олар ата-анасындай еркелетіп, мейірім бере алмайды. Кешқұрым жұмыстан шаршап келген ата-ананың баласының халін сұрауға мұршасы болмай жатады. Яғни, балаға керек­ ата-аналық махаббатты бере алмаса, бала ата-ананың жан жылуын сезіне алмаса, бала ашуланшақ болады. Әкешешесінің сауаттылығы мол болса, баласының жан-дүниесін айтқызбай ұқса, абайлап сөйлесе, ашуланшақ балалар болмас па еді?! Керісінше, отбасында баланы психологиялық қарама-қайшы тәрбиелейтін ата-аналар бар. Әке-шешесі өзі дегенін істеткісі келеді, баланың пікірімен санас­пайды. Содан барып қоғамда ашуланшақ сәбилер өсіп келе жатыр.a

Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Жанұялық жайттар балаға теріс әсерін тигізеді. Ата-ана өз баласын күнде көрген соң мінез-құлқын байқамайды. Отбасылық реніштер, ұрыс-керіс, айқай-шу, ажырасу ішімдік салдарынан туындайды. Оқиғалардың барлығын бала есінде ұзақ сақтайды. Көп ата-ана «бала емес пе, түсінбейді немесе  білмейді» деп мән бере қоймайды. Біреуге тәуелді болып, жан-жа­ғына жалтақтап, қорқақтап өскен баладан еркін ойлы, әр ортада өзін емін-еркін ұстайтын азаматты тәрбиелеу қиын болады. Бала кішкентай болсын, баламен әрқашан үлкен адамдарша сөйлесіп, жекімей, бәрін рет-ретімен түсіндіру қажет. Ол басқалармен қарым-қатынасында да еркін, өз ойын ашық айта алатын адам болып өседі. Үнемі баланы бір жаққа жіберетін кезде «осындай уақытта үйде бола ғой» деп өзара келісім жасап отырса, бала да соған дағдыланады. Бала жасөспірім кезінде туған-туысынан гөрі достарымен қарым-қатынасын жақсы ұстауға тырысады. Ата-ана баланың араласып жүрген ортасынан да хабардар болуы қажет. Олардың отбасынан да мағлұмат болуы ата-анаға жақсы. Өйткені, кей баланы орта тәрбиелейді. Достары жақсы болса алаңдамайсыз.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қанатты сөз­дің мәнін ешбір уақытта әрбір ата-ана естен шығармауы керек. Балалар өз отбасында қандай тәр­бие көрсе, әке-шеше­нің қандай қылықтарын көріп өссе, олармен қа­лай қарым-қатынаста болса, сыртта да, балабақшада да, көпшілік орындарда дәл сондай қалыппен кетеді. Әрбір бала отбас­ында тәрбиеленуі керек. Әр баланың өз мінезі бар. Соған сәйкес ол тәрбиеленуі керек.


ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Отправить ответ

Оставьте первый комментарий!

Notify of
avatar
wpDiscuz