Домой Общество Қазақтың басты мәселесі – баспана

Қазақтың басты мәселесі – баспана

42
0
ПОДЕЛИТЬСЯ
ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Қазақтың басты мәселесі – баспана

Бүгінде баспана мәселесі баршаны алаңдатады. Үй-күйсіз жүргендердің көбі қалтаның жұқалығынан пәтер жалдап, туысын жағалайды. Әйтеуір, үй салуға, сатып алуға қара жердің көк тіреген құны кесір. Бұл орайда жұртшылықтың жоғын түгендеуге мемлекет те қарап отырған жоқ. Оған жыл сайын халық игілігіне берілетін көппәтерлі үйлер дәлел. Дегенмен, уақыт санап артып отыратын халық саны шеті көрінген мәселені біржақты етуге мүмкіндік бермей отыр. Тұрғын үй мәселесі бүкіл әлемде шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік мәселелердің бірі. Қала тұрғындарының саны өскен сайын тұрғын үйге қол жеткізу барған сайын қиындай түседі. Баспананы сатып алу былай тұрғанда, жалға алу қиындықтар туғызады. Ал жас отбасылар үшін бұл шешілмес мәселеге айналып отыр. Осылай тарихта көретініміздей бұл тұрғындарды нашар жағдайларда тұруға мәжбүрлейді. Мәселен, АҚШ-та 60-жылдардың екінші жартысында тұрғындардың 25%, Ұлы Британияда 28%, Жапонияда 23 %, Францияда 25 % нашар жағдайларда тұрды. Былтырғы халыққа Жолдауында ҚР Президенті Н.Назарбаев тұрғын халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде баспанамен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 69050 мың шаршы метр болатын тұрғын үй салу жоспарланған екен. Баспана өткен ғасырдан бастап қазақтың «бас ауруына» айналған. Шындығында, қазақ урбанизация үдерісіне ілінгенде-ақ қаладағы қорап пішіндес шектеулі шаршы метрлерге тәуелді бола бастады. Содан бері кем дегенде үш буын ұрпақ шаһарларда пана болар жеке шаршы метрлерге зар болып, тәуменді болуға бой үйретті.

Ключи-от-квартиры1

Баспана зарының ХХI ғасырда қара халықтың етінен өтіп, сүйегіне жеткені сондайлық, қазір отау құрған жастар ертең дүниеге келер ұрпағының қай жерде қоныс теуіп, қайда тұрақтарын ойлап, қамығады. Бір ғажабы, кешегі көшпелі елдің ұрпағына ғана тән қасиет бұл. Себебі ежелден отырықшы елдердің тұрғындары үшін баспананы несиеге сатып алу немесе өмір бойы пәтер жалдап тұру сөкеттік емес, олар тіпті көп уақыт қонақ үйде тұрақтауды бойына ар санамайды. Ал қазақ үшін баспана – «өз үйім, өлең төсегім» ғана емес, қонақ қабылдар құтханасы, әулет айбары – қара шаңырағы, ал қазіргі заманда – әлеуметтік дәрежесін көрсетер индикаторы, тіпті капиталды көбейтер инвестициясы. Сондықтан да баспана – қазақ үшін әлі талай жыр болар өзекті тақырып.


ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Отправить ответ

Оставьте первый комментарий!

Notify of
avatar
wpDiscuz