Домой Дети Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады

Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады

70
0
ПОДЕЛИТЬСЯ
ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады

Еліміздің қаншалықты бай әрі өркендеп дамып келе жатқанына қарамастан, жетім-жесірлер мен кедей-кепшіктеріміздің саны арта түспе-се, кеміп отырған жоқ. 90-жылдардың басында мемлекет қамқорлығында тек 80 мыңдай жетім балалар болса, соңғы мәлімет бойынша олардың саны 120 мыңға жетіп отыр. Қазақта «Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды» деген сөз бар.Ананың аялы алақанының өзі әр сәби үшін «майшелпек» емес пе. Бірақ сол ананың аялы алақаны түгілі, анасының сұлбасын бір көру де бұйырмаған бейкүнә сәбилеріміз қаншама?! Тіпті, ол аз болғандай, шыр етіп дүниеге келген топырағының өзі бұйырмай, «тірі тауарға» айналып, шетелдіктерге сатылып кетіп жатқан мың-мыңдаған жетімдеріміздің тағдыры ше?

Ресми ақпараттарға сүйенер болсақ, республикамызда бүгінде жетім ба-лаларға арналған 44 балалар үйі мен 22 мектеп-интернат бар көрінеді. Ресми тіркеуде 75000 жетім бала бар екен. Олар 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде. Олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда — 37 541 бала, мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез-құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда — 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде 281 бала тәрбиеленуде. Мектеп жанындағы интернаттарда — 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда — 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде 12 599 бала ерекше тәрбиелену жағдайларында көрінеді. Ал жоғарыдағы шетелдіктерге асыраттық деген желеумен сатып жіберген 9 мыңдай сәбиімізді былай қойғанда, еліміздің әр облыс орталықтары мен қала-қалашықтарындағы, жертөлелерді паналап күн көріп жүрген үй-күйсіз қаңғыбастар қатарындағы балаларымыз қаншама?!

DS


ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Отправить ответ

Оставьте первый комментарий!

Notify of
avatar
wpDiscuz