Домой Общество Маскүнем бала қоғамға масыл

Маскүнем бала қоғамға масыл

39
0
ПОДЕЛИТЬСЯ
ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Маскүнем бала қоғамға масыл

       Бала – біздің болашағымыз. Бала бір әулеттің ғана емес тұтастай бір қоғамның тізгінін ұстайтын ертеңгі ел иесі. Қандай елдің болмасын болашағы сол қоғамның қазанында қайнайтын жастардың білімі мен зейініне тікелей байланысты. Бұл орайда Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан қай жағынан алып қарасақ та жас мемлекет. Ел азаматтарының 5 миллионға жуығы 14-19 жас аралығындағы жастар. Ол – біздің болашағымыз зор деген сөз» деп, жастарға үлкен сенім артқан болатын. Қазіргі жастардың Отанымыздың жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жарқын істеріне қарап еліміздің ертеңіне сеніммен қарауға болады. Бірақ кейбір кері мәліметтерге қарасақ «бес саусақ бірдей емес» екен. Мысалы, Қазақстан бойынша қазір кәмелеттік жасқа толмаған 3500 жасөспірім маскүнемдік дертіне шалдыққанын естігенде көңілің құлазып сала береді. Оның ішінде 589 маскүнемнің жасы әлі он беске де толмаған. Қазір бей-берекет сатылып жатқан энергетикалық сусындар мен түрлі газдалған әрі бояғыш заттар қосылған сусындар да балалардың ағзасын араққа ерте үйретеді. Өйткені олардың құрамындағы бояғыш заттардың, хош иістендіргіш, консерванттар, тәтті дәм беретін түрлі қоспалар бала ағзасында тек аллергиялық процестер ғана тудырып қоймайды, алкогольге бейімдей бастайды. Сарапшылардың дәлелдеуінше, балалардың маскүнемдікке салынуы ең алдымен сырадан басталады екен. Қоғамдық орындар мен көшеде сыра ішуге тыйым салынбай тұрғанда көшеде сыраны бөтелкенің аузынан сіміріп бара жататын жастар көп еді.

       Жасөспірімдер, әдетте, ішімдікке 14 жастан бастап үйір бола бастайды. Кейбір ата-аналар балаларының бойындағы ішімдікке деген құмарлықты байқаса да, байқамаған болып жалған намыстың жетегінде кетеді. Бұл бала өміріне аса қауіпті. Баласының осындай әдетке бой алдырып бара жатқанын сезген ата-ана уақытты созбай баланы тиісті емдеу орнына апару керек. Ата-аналар да осы мүмкіндікті пайдаланса баланың азабын тартудан құтылар еді. Егер ересек адамға маскүнем болу үшін 10-15 жыл уақыт кететін болса, балалар үшін небәрі екі-үш жыл ғана керек екен. Жас ағза әлі қалыптасып болмағандықтан, оған тез үйреніп кетеді. Наркологтардың мәліметіне сенсек, тек соңғы үш жылда Қазақстандағы маскүнем балалардың саны 10 есеге көбейген. Республика бойынша тіркеліп жатқан қылмыстардың ішінде жасөспірімдердің де қолымен жасалған қылмыстар жетерлік. Ең қорқыныштысы олардың небір қатыгездікке шімірікпей баруы. Спиртті ішімдіктің желігімен адам өлтіру, әйел зорлау сияқты ауыр қылмыстар жасап, жазалы болып жатқан жасөспірімдердің қоғамға тигізер залалы да көп болмақ. Балаларын маскүнемдіктен қорғау үшін әрбір ата-ана алдымен өз отбасындағы әдет-ғұрыпты қадағалауы керек. Ең алдымен балаңыздың өзін өзі танытуына мүмкіндік беріп, ұсақ-түйекке бола жөнсіз жазалай бермеңіз. Балаларды ішімдіктен қорғаудың ең сенімді жолы – спорт және бірге сапарға шығу. Маскүнем бала тәрбиелеп қоғамға масыл етпес үшін ата-аналар бала тәрбиесін бесіктен бастаса өкінішсіз өмір сүретіні хақ.


ПОДЕЛИТЬСЯ
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Отправить ответ

Оставьте первый комментарий!

Notify of
avatar
wpDiscuz