Домой Социальная реклама Аутизм. Баршамызға бір әлем

Аутизм. Баршамызға бір әлем

6
0
ПОДЕЛИТЬСЯ

Аутизм. Баршамызға бір әлем

Балалар аутизмі – психологиялық дамудың бұзылуы, мұндай балалар адамдармен қатынасуда және әлеуметтік әрекеттестікте қиындыққа ұшырайды. Аутистік дамудың бір ерекшелігі – сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала бұл мүмкіндіктерін шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды. Қазіргі уақытта әлемде аутистік ауытулары бар балалар саны күрт артып барады. Осыдан 20 жыл бұрын әр 10 мың балаға шаққанда аутизммен ауырған 3-4 бала тіркелетін болса, қазір бұл сан 10-нан 20-ға дейін жеткен. Аутизмнің жайылуын эпидемияға теңейтіндер де бар. Мұндай дертке шалдыққан балалар саны Қазақстанда да артып барады. Облыстың психолого-медико-педагогикалық консультациялардың деректеріне сенсек, 2002 жылы 93 бала аутизмге шалдыққан болса, 2010 жылы 465 балаға артқан.Аутизмге шалдыққан балалар саны артқандықтан, оларға лайықты және уақтылы коррекциялық көмек көрсету қажеттілігі туды. Аутизмі бар бала қоғамға бейімделуі үшін оған үнемі қолдау және симуляция қажет болады. Егер аутизмі бар баланың отбасы балабақша, мектеп, әлеуметтік қоршаған орта сияқты қоғамдық институттардан өзіне қажетті қолдауды ала алатын болса, онда көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Қоғам тарапынан түсіністік болуы үшін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аутизмі бар балаларды оқыту және әлеуметтік тұрғыдан дамыту бойынша білімдерін арттыру қажет.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here