Әлихан Бөкейхановтың ұлағатты сөздері
-
Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады.
-
Адам қызметіне кіріспей қазына тумайды
-
Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.
-
Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.
-
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.
-
Қазақ сайлауы – жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады.
-
Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.
-
Байлық басы көпке байлаулы емес – базарда ақша болатынға байлаулы.
-
Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.
-
Талас-тартыс жоқ болса – өмір абақтыға айналар еді.
Отправить ответ