БҰҰ құрамына тек Тәуелсіздігі танылған мемлекеттер ғана мүше бола алатыны белгілі. Енді әлемде тәуелсіздігі танылмаған қанша мемлекет барын осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Тіпті 50 миллионнан аса халқы бар күрдтер де, 20 миллионнан аса ұйғыр да әлі күнге дейін дербес ел бола алған жоқ. Шотландиялықтар да Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алғысы келеді. Венеция халқының да Италиядан бөлінгісі бар. Бавария Германиядан тәуелсіздік алғысы келетінін ашық жеткізіп жүр. Корнуолл халқы, Джерси аралы Ұлыбританиядан дербестікті аңсаса, Палестина халқы Израильден бөлініп, егеменді ел болғысы келеді. Санамалай берсек, әлемде тәуелсіздігін ала алмай жүрген, азаттықты аңсап, дербестікке қол жеткізе алмай жүрген елдер өте көп.
